Crystal мамандары – Нұр-Сұлтандағы тазалық періштелері!
Химтазалау — уақыт машинасы емес, бірақ біз бұйымыңыздың сізге ұзағырақ қызмет етуі үшін бәрін жасаймыз!
- Арнайы тәсіл
- Бөлшектерге көңіл аудару
- Заманауи технологиялар
- Құрамы қауіпсіз
- Жеткізу қызметі
- Ашық байланыс
Бұйым созылып, отырып және оңып кетпеуі үшін материалдарға қарай құралдар мен тазалау әдісін таңдаймыз. Әр тігісіне барынша назар аудара отырып, үнемі қолмен үтіктейміз.
Заттарды қарап, химтазалау кезінде ешқандай зақым келмейтініне сенімді болуыңыз үшін әрбір ерекшелігін анықтап аламыз. Бұйым тазаланғаннан ТББ оны қайта тексереді және мұқият орайды.
Классикалық, құрғақ және акватазалаудан басқа, біз озондау – бұйымдарды бактериялардан, вирустар мен иістерден озонмен гипоаллергенді өңдеуді жүргіземіз.
Барлық құралдар тексерілген және сертификатталған. Олар адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз және иісі жоқ.
Барлық күтімді өзімізге аламыз: сізге заттарды алып келудің, тіпті перделерді өзіңіз шешудің де қажеті жоқ. Біз кез-келген бұйымды өзіңізге ыңғайлы уақытта алып кетіп, қайтадан әкеліп береміз
Қызметтердің мерзімі мен құнын алдын-ала айтамыз. Сізді хабардар етіп отырамыз және кез келген өзгерістерді келісеміз. Барлық қабылдау пункттері демалыссыз және үзіліссіз жұмыс істейді.
Біз 2009 жылдан бастап технологияны жетілдіріп, клиенттерімізге ең жақсы қызмет көрсетеміз.
Біз тазалаудың ең тиімді құралдарын, технологиялары мен әдістерін жинадық. Crystal мамандары Мәскеуде, Италияда және Еуропада оқыған: олардың қолынан сіздің өз бетіңізше кетіре алмаған кез-келген дақтарды кетіру келеді. Сондықтан Астанадан химиялық тазалау, іздеген жағдайда Crystal компаниясына сенімді түрде хабарласуыңызға болады.
Жүрекке қымбат заттарға ең жақсы химтазалау ғана керек!
Мұнда заттарға, әсіресе дақтарды, түйдектер мен қатты кірді кетіру қажет болса қамқорлық пен көңіл аударып қарайды.
Сондықтан «Астанадағы қымбат заттарды қайдан тазартуға болады» деген сұраққа, «CRYSTAL-да» деп батыл жауап бере аламыз.
Бренд көйлектер мен костюмдерді, жейделерді, блузкаларды, шалбарлар мен футболкаларды тазалауды CRYSTAL-ға қорықпай сеніп тапсыра аласыз. Мұнда технологтардың тәжірибесі 13 жылдан асады, сондықтан да біз не және қалай істеу керектігін білеміз және түсінеміз.
Бүгінгі таңда CRYSTAL – өндіріс пен 7 қабылдау орны + курьерлік жеткізу қызметі.
Біз Астанада 2009 жылы қазіргі заманғы химтазалау желісі әлі дамымаған кезден бастап жұмыс істей бастадық. Осы жылдар ішінде біз салаға әлдеқайда жақсартып, қазақстандықтарды Қазақстанның басқа қалаларынан химтазалау ашуға шабыттандырдық.
Біздің қызмткерлер – тәжірибелі мамандар, олардың көпшілігі бүкіл әлем бойынша оқуда өз білімдерін жетілдіре отырып, бізде 10 жылдан аса жұмыс істеуде.
Біздің ең көп таралған қызметтеріміз:
- киімдерді, жейделерді, блузкаларды химтазалау
- пиджактарды, шалбарларды, костюмдерді химтазалау
- көйлектерді, белдемшелерді химтазалау
- курткаларды, мамық күрткелерді, пальтоны химтазалау
- сөмкелерді химтазалау: қалпына келтіру және бояу
- аяқ киімді (босоножка, шәркейлер, туфли, кроссовкалар, ботинкалар, етіктер) химтазалау, қалпына келтіру, бояу, су өткізбейтін материалмен өңдеу
- киімді озондау (иістерді, бактерияларды, вирустарды кетіру)
- интерьер заттарын химиялық тазалау (жастықтарды, көрпелерді тазалау және қалпына келтіру, перделер мен тюльдерді, жиһаз тыстарын, матрацқаптарды және т. б. химтазалау/жуу)
- киімдерді жөндеу
Астана химтазалауының бағалары біздің сайтта, әрбір тиісті бөлімде көрсетілген. Тазалу құны бұйымды тазалаудың күрделілігіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бағасы өзгерген жағдайда сізге қосымша ескертіледі.