Аяқ киімді қалай бояуға және қалпына келтіруге болады?

Сіздердің әрқайсыларыңыз әдемі де, ыңғайлы да, түсі де сәйкес келетін, сондай-ақ барлық жағдайларда және кез-келген ауа-райында киюге болатын ең жақсы аяқ киімді табу қаншалықты қиын екенін білесіздер (иә, армандауға болмай ма)! Тиісінше, біз “сол” аяқ киімді тапқан кезде, оны мүмкіндігінше ұзақ уақыт кигіміз келеді. Дәл осы мақсатта CRYSTAL-да аяқ киімді химиялық тазалау және қалпына келтіру қызметі бар. Аяқ киімді химиялық тазалау – біздің компания жұмыс істей бастағаннан бері жасап келе жатқан қызметтердің бірі және оны тазалауда өте үлкен тәжірибеміз бар.

Сонымен, «аяқ киімді қалпына келтіру» қызметіне не кіретінін қарастырайық?

  • Аяқ киім тазалау
  • Өкше тазалау
  • Ұлтарақ тазалау
  • Дақтарды кетіру
  • Аяқ киім рентасын тазалау
  • Бауларын жуу
  • Реагенттерді жою (бұл қардан кейінгі тұзды дақтар. Айтпақшы, біз оларды үйге оралғанда дереу тазалауды ұсынамыз, олар сіздің аяқ киіміңіздің нәзік терісін қатты құртады)
  • Барлық ұсақ кетіктері мен сызаттарды алып тастауға тырысамыз
  • Аяқ киімді бояу: нақты жағдайға байланысты толық немесе ішінара
  • Теріні бальзаммен, су жұқтырмайтын сіңдірумен өңдеу (бұл сіздің теріңізді/күдеріңізді жауын-шашыннан және реагенттердің зиянынан барынша қорғайды)
  • Аяқ киімге рең беру
  • Өкшелерді бояу

Қызметтер тізімі әрбір жеке жағдайға байланысты қажеттілік бойынша толықтырылуы мүмкін.

Кроссовкаларды бояу – біздің CRYSTAL химтазалау желісінің ең үздік қызметі. Кроссовкалар соңғы жылдары біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде ең көп таралған аяқ киімге айналды. Оларды енді тек спорттық костюмдер үшін ғана емес, джинсы мен тіпті casual шалбармен де киюге болады. Ең ыңғайлы кроссовкалар, әрине, былғарыдан және күдеріден жасалғаны. Олардың жалғыз кемшілігі – олардың тозып кететіні: ұсақ сызаттар, сыдырылған жерлер, дымқыл шүберекпен немесе аяқ киіммен бояйтын креммен бояу мүмкін емес болатындай кірлеуі. Міне, осы кезде кроссовкаларды CRYSTAL-ға әкелу керек. Біздің мамандар аяқ киімді табиғи түске бояумен айналысады немесе қажет болған жағдайда оны қою түске бояй да алады.

Кроссовкалар сияқты, туфлиді де бояуға болады. Туфлилерді бояу олардың сыртқы түрі сізге ұнамаған жағдайда қажет. Немесе тіпті аяқ киім сіздің сөмкеңізге немесе портфеліңізге сәйкес келмесе де бояуға болады.

Біз барлық бұйымдарды химиялық тазалау, қалпына келтіру және бояу қызметтеріне кез келген қабылдау пункттерінде қабылдаймыз. Өз ыңғайңызға қарай курьерлік жеткізу қызметін де пайдалана аласыз. Сіз біздің сайтта немесе байланыс орталығының нөміріне қоңырау шалу арқылы өтініш қалдыра аласыз. Біздің менеджерлер сізге курьер баруға, аяқ киімді алып кетуге болатын ыңғайлы уақытты ұсынады, біздің мамандар оны тазалап, фирмалық қорапқа орап және жүргізуші сізге таза және әдемі туфлиіңізді / кроссовкаларыңызды / ботинкаларыңызды /етіктеріңізді немесе кез келген басқа аяқ киімді қайтадан ыңғайлы уақытта әкеліп береді.

Хабарласыңыз!

Қайта қоңырау соғайық па?

    Қайта қоңырау соғайық па?

      Тапсырыс бергеніңіз үшін рақмет!

      Сізбен жуырдағы жұмыс уақытында хабарласамыз (сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейміз)