Оферта

Бекітілген

ТОО «EVROLUX DRYCLEANING»

 «31» Наурыз 2024 ж.

“Crystal”/ХП “Crystal” кір жуу және химиялық тазалау қызметінің

Жария шарты (оферта)

Осы Жария шарты (оферта) «EVROLUX DRYCLEANING»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  ресми ұсынысы (жария оферта) ретінде, БСН 211140005159 (әрі қарай – Орындаушы), келесі тәсілдердің біреуімен: https://crystalastana.kz, телефон шалу арқылы немесе  WhatsApp мессенджерімен тапсырыс ресімдеген кез келген мүдделі жеке немесе заңды тұлғамен, сонымен қатар жеке кәсіпкермен (әрі қарай- Тапсырыс беруші)  ХП “Crystal қызмет көрсетуінің Шартын жасады (әрі қарай – Шарт)

 

Орындаушының байланыс телефондары

Call center:

+7 708 175 09 09

Сығанақ көшесі, 17B және 33:

+7 7172 79 52 50

+7 771 779 99 55

Сарайшық көшесі 7:

+7 7172 33 33 60

+7 771 771 33 88

Амман көшесі, 2:

+7 7172 20 26 17

+7 771 771 33 66

Рахмет Сауда үйі:

+7 7172 26 38 43

+7 708 877 72 10

Бөгенбай батыр даңғылы 16:

+7 7172 54 22 11

+7 701 747 92 22

Green mall СОО

+7 771 779 19 09

Мәңгілік Ел даңғылы, 52:

+7 708 901 18 81

 

Тараптар төмендегілер бойынша Шарт жасасты:

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ҚР АК) 395-бабының 5-тармағына сәйкес төменде баяндалған шарт талаптары қабылданған жағдайда, осы Офертаның акцептін жүргізетін тұлға Тапсырыс беруші болады (ҚР АК 396-бабының 3-тармағына сәйкес Офертада баяндалған талаптарда  Офертаның акцепті шарт жасасуға тең).

Осы Шартта көрсетілген Прайсқа (баға прейскуранты) сәйкес кез келген тәсілмен Қызметке тапсырыс ресімдей отырып, Тапсырыс беруші осы жария оферта шарттарын қабылдайды және олармен келіседі.  

 

Жоғарыда баяндалғанға байланысты, осы жария оферта мәтінін мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге Шарттың мазмұны түсініксіз болса немесе Офертаның қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, Орындаушы сізге шарт жасасудан және “Crystal”СП қызметтеріне тапсырыс беруден бас тартуды ұсынады.

 

1.2. Қызметтерге тапсырыс беру, сонымен қатар осы Офертаның шарттарына сәйкес Орындаушының қызметтеріне ақы төлеуі Тапсырыс берушінің акцепті жасауы деп түсініледі.

1.3. Оферта акцепті бойынша (әрі қарай- Шарт) әрекеттер жасай отырып, Тапсырыс беруші растайды:

1) 18 жасқа толған жеке тұлға болып табылатынын, ҚР заңнамасына сәйкес орындаушымен шарттық қатынастарға түсуге қабілетті және құқылы екенін;

2) Шарттың мазмұнымен танысқанын және келісетінін;

3) орындаушы көрсеткен бағамен танысқанын және келісетінін;

4) Орындаушының қызметтері, оларды көрсету мерзімдері мен тәртібі туралы толық ақпарат алғанын растайды.

 

1.4. Шарт мерзімсіз әрекет етеді.  Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен таныспаудың салдары үшін дербес өзі жауапты болады.

1.5. Шарт толық заңды күшін сақтай отырып, Тапсырыс беруші мен Орындаушының мөрлермен бекітілуін және/немесе қол қойылуын талап етпейді.

 

1.5. Осы Шартты жасаса отырып, қызметтің құнын төлей отырып және түрін таңдай отырып Тапсырыс беруші осы шартты өз қалауы бойынша жасауға толық өкілеттігі бар екенін растайды. Тапсырыс беруші Орындаушы қызмет көрсеткеннен кейін, үшінші тұлға қызмет көрсету және бұйымның тиесілігі мәселесі бойынша Орындаушыға қандай да бір талаптар қоя алмайтынына келіседі. Кез келген жағдайда, Тапсырыс берушіге заттың/бұйымның тиесілі болуына қарамастан, Орындаушы тек Тапсырыс берушінің алдында жауап береді. Орындаушы Тапсырыс берушінің затқа немесе бұйымға меншік құқығын бар-жоқтығын тексермейді. Заттың/бұйымның тиесілілігі туралы барлық талаптарды Тапсырыс беруші үшінші тұлғалармен дербес шешеді.

1.6. Жауапты адамды тағайындау немесе орындаушыдан үшінші тұлға үшін қызметті ала отырып немесе үшінші тұлға арқылы қызметті сатып алу арқылы тапсырыс беруші бұл үшінші тұлғаның Орындаушы үшін Тапсырыс берушімен тең екенін түсінеді және кейіннен Тапсырыс беруші Орындаушының тиісті емес тұлғаға қызмет көрсеткенін айтуға және дауласуға құқылы емес.

 

  1. Терминдер мен анықтамалар

Шартта Шарттың осы бөлімінде айқындалмаған терминдер қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай терминді түсіндіру Шарттың мәтініне сәйкес жүргізіледі. Біржақты түсіндірме болмаған жағдайда айқындалған терминді түсіндіретін: қолданыстағы ҚР заңнамасымен Интернеттің ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (жалпы қолданыстағы) айқындалған термин түсіндірме сөздігін  басшылыққа алу керек, ҚР МЕМСТ 1075-2002.

Осы бөлімде анықталған әрбір термин Шарттың қай жерінде кездесетініне қарамастан өз дербес мағынасын сақтайды және жекеше мағынадағы сөздер көпше мағынаны да қамтиды және керісінше.

 

2.1. Оферта / жария шарт-Орындаушының жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ жеке кәсіпкерге (Тапсырыс берушіге) бағытталған жария ұсынысы, сол екінші тараппен кір жуу және химиялық тазалау бойынша ақылы қызметтер көрсетуге шарт жасасу.

2.2. Акцепт- Тапсырыс берушінің Офертаның талаптарын келесідей әрекеттерді жүзеге асыру арқылы толық және сөзсіз қабылдауы: Тапсырыс берушінің қызметтерге тапсырыс беруі, сонымен қатар Шартта қарастырылған талаптарға сәйкес Орындаушының қызметінің ақысын толық немесе бөліп төлеуі және осы қаражатты Орындаушының есеп шотына аударуы

2.3. Тапсырыс – осы Шартта көрсетілген кез келген тәсілмен ресімделген және Орындаушы қабылдаған және растаған Қызметті алу үшін дұрыс ресімделген сұраныс/тапсырма.

2.4. Қолдау көрсету қызметкері / Диспетчер/ қабылдаушы-кассир / — Тапсырыс берушілерден келіп түсетін тапсырыстарды бақылайтын және телефон арқылы Тапсырыс берушімен кері байланыс жасайтын Орындаушының тиісті қызметкері.

2.5. Курьер – тапсырыс берушіден бұйымдарды алуды және орындалған тапсырыстарды Тапсырыс берушіге жеткізуді жүзеге асыратын Орындаушының тиісті қызметкері не оның серіктесі, мердігер.

2.6. Тапсырыс беруші – Орындаушыдан өзіне ыңғайлы тәсілмен қызметтерге Тапсырыс берген кез келген мүдделі жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкер.

2.7. Осы Шарт бойынша Қызметтер – ерлер/әйелдер/балалар киімдерін (тоқыма бұйымдарын) құрғақ тазалау (химиялық тазалау), акватазалау, интерьер заттарын тазалау, киімдерді, аяқ киімдерді, аксессуарларды тазалау/бояу/киімді реставрациялау, киімді озондау (иістерді кетіру), жүнді химтазалау, киімді жөндеу, тоқыма бұйымдарын бояу, аяқ киім мен сөмкелерді әрлеу (кастомизация), және сондай-ақ, Орындаушының Прайста жазылған және егжей-тегжейлі көрсетілген басқа да қызметтері.

2.8. Тапсырыс берушінің қызметке тапсырыс беру тәсілі: Орындаушының сайты – https://crystalastana.kz; ауызша телефон арқылы (нөмірлер жоғарыда көрсетілген) немесе WhatsApp мессенджері арқылы (нөмірлер жоғарыда көрсетілген).

2.9. Бұйым / зат – бұл  Тапсырыс берушінің таңдалған қызметті орындау үшін Орындаушыға берген заты.

 

  1. Шарттың мәні

3.1. Орындаушы Тапсырыс берушінің тапсырысына сәйкес қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші таңдалған қызметке ақы төлеуге міндеттенеді.

3.2. Қызмет көрсету мерзімі Тапсырыс берушімен келісілген өнімнің түріне, өңдеудің күрделілігіне, жеделдігіне және қосымша қызметтерге байланысты және тапсырыс берген кезде диспетчер белгілейді.

3.3. Тапсырыстарды өңдеуді Орындаушының қызметкерлері мереке және қысқартылған күнтізбелік күндерді ескере отырып, компанияның жұмыс кестесіне сәйкес жүргізеді.

 

  1. Тапсырысты ресімдеу, алып кету және жеткізу шарттары

4.1. Тапсырыс беруші Тапсырысты кез келген тәсілмен (сайт, телефон, WhatsApp мессенджері) аты-жөнін, телефонын, алып кету мекенжайын көрсете отырып ресімдейді. Тапсырыс беруші тапсырысты ресімдегеннен кейін Орындаушының диспетчері 1 (бір) жұмыс күні ішінде онымен телефон арқылы байланысады және курьердің келу күні мен уақыты туралы келіседі.

4.2. Тапсырысты рәсімдеуде Тапсырыс дұрыс орындалуы үшін керекті деректерді нақты, дұрыс ұсынуы керек. Ұсынылған деректердің дұрыстығына және/немесе нақтылығына, сондай-ақ Тапсырыс беруші және/немесе Тапсырыс берушінің өкілі/жауапты тұлғасы ұсынған дұрыс емес деректерге Тапсырыс беруші өзі жауапты болады. Егер тапсырысты ресімдеу кезінде Тапсырыс беруші дұрыс емес ақпаратты, оның ішінде дұрыс емес мекенжайды, дұрыс емес телефонды және басқа да деректерді қате көрсетсе, орындаушы көрсетілген жағдайларға байланысты туындаған салдарлар: тапсырысты орындау мүмкін еместігіне, оны көрсетілген мекенжай бойынша алып кету және жеткізу кезінде тапсырысты ала алмауына жауапты болмайды

4.3. Тапсырысты рәсімдегеннен кейін тапсырысты алу/жеткізу күні, уақыты мен орны Тапсырыс берушімен келісілген жағдайда, Орындаушы курьердің бұйымды Тапсырыс берушіге жеткізу немесе алып кету үшін бара жатқаны туралы алдын ала телефон арқылы хабардар етеді.

4.4. Егер тапсырысты жеткізу/алу күні, уақыты және орны Тапсырыс берушімен келісілмеген жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушімен телефон арқылы байланысады және бұйымды жеткізу/алу күнін, уақыты мен орнын келіседі.

 

4.5. Тапсырыс беруші немесе үшінші тұлға/жауапты тұлға көрсетілген жерде келісілген уақытта болмаған жағдайда, курьердің Тапсырыс берушіні күту уақыты 10 минутты құрайды, одан кейін алып кету/ жеткізу қызметі Орындаушы тарап жақтан орындалған болып саналады, бірақ тапсырыс берушінің кінәсінен алынбайды, курьердің келесі шығуы Тапсырыс беруші алып кету/жеткізудің құны  _____Прайсқа байланысты  төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

4.6. Егер диспетчер келісілген алып кету немесе жеткізу уақытына  дейін 1 сағат бұрын Тапсырыс берушімен хабарласа алмаса, онда курьердің шығуы тоқтатылады немесе басқа уақытқа ауыстырылады.

4.7. Тапсырыс берушіге келгеннен кейін Орындаушының курьері жүкқұжатты (накладная) береді, онда тапсырыс берушінің аты-жөні мен телефоны, бұйымды алып кету күні (сипаттамасыз, баяндамасыз) көрсетіледі. Осыдан кейін курьер Тапсырыс берушінің қатысуымен бұйымды/дарды қапқа орайды және таңдалған қызметті көрсету үшін Орындаушыға жеткізеді. Тапсырыс беруші мен орындаушы (курьер) жүкқұжаттың 2 (екі) данасына қол қояды, біреуі орындаушыда қалады, екіншісі Тапсырыс берушіге орындаушы қызмет көрсеткеннен кейін бұйымдарды алу үшін негіз ретінде  беріледі.

4.8. Жүкқұжатты Тапсырыс берушіге Тапсырысты ресімдеген кезде көрсеткен нөмірге WhatsApp мессенджері арқылы ресімдеуге және жөнелтуге жол беріледі. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші тарапынан жүкқұжатқа қол қою талап етілмейді, WhatsApp мессенджері арқылы жүкқұжатты жіберу орындаушы тарапынан орындалған болып табылады. Ақпаратты алмағаны үшін жауапкершілік Тапсырыс берушіге жүктеледі.

4.9. Курьерден бұйымдары салынған/оралған қаптарды алған сәттен бастап Орындаушы бейнекамераға түсіру арқылы қапты ашады, одан бұйымдарды бір-бірден шығарады, тексеру үстеліне қояды, әрбір бұйымды жеке қарап-тексеруді және сипаттауды жүргізеді. Бұйымдарды қабылдау процесінде Орындаушының қабылдаушысы көрсетілген телефон нөмірі бойынша Тапсырыс берушімен байланысады және бұйымдардың ақауларын, қызмет көрсету мерзімі мен құнын айтады. Бейне файл Орындаушыда Тапсырыс берушіден тапсырысты қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақталады.

 

4.10. Қызметтердің сапасы бойынша барлық шағымдар Тапсырыс берушінің тапсырысты алу тәсіліне қарамастан, тапсырысты алу және қарау сәтінде айтылады. Қызметтердің сапасын тексермей тапсырысты қабылдаған Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің сапасына қандай да бір шағымдардың жоқтығын растайды. Тапсырыс беруші тапсырысты қабылдағаннан кейін қызмет сапасы бойынша шағымдар қабылданбайды.

Егер Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің сапасына қанағаттанбаса, ол шағымды жазбаша түрде ресімдейді және оны Орындаушыға ұсынады. Орындаушы 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге шағымға жауап жібереді.

4.11. Орындаушы жеткізудің/алып кетудің келісілген мерзімдерін сақтауға міндеттенеді. Орындаушыға байланысты емес себептер бойынша: Тапсырыс берушінің мекенжайы бағытында жол учаскелері кептеліп қалған немесе жабылған жағдайларда, сондай-ақ сұраныс артқан жағдайларда және мереке күндерінде жеткізу/алып кету уақыты ұзартылуы мүмкін.

 

  1. Қызмет көрсету ережелері мен ескертулері

5.1. Қызметтер ҚР СТ 1075-2002 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

5.2. Бұйымға күтім жасау кезінде таңбалары бар, толық емес немесе дұрыс таңбаланбаған не химиялық тазалауға немесе жууға тыйым салатын белгілер болған кезде таңбаланбаған бұйымдарды Орындаушы Тапсырыс берушінің келісімімен ғана қабылдайды. Бұл ретте Тапсырыс беруші бұйымның тауарлық түрінің жоғалуына, ақаулардың пайда болуына, Орындаушы қолданатын қолжетімді технологиялық өңдеу әдісінің салдарынан туындайтын бұйымның зақымдалуына байланысты барлық тәуекелдерді өзіне тиесілі алады. Тапсырыс беруші көрсетілген талаптарға өзінің келісімін тапсырысты ресімдеу арқылы растайды.

5.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге барлық алынбайтын фурнитуралар: жапсырмалар, ілгектер, түймелер, жүгіртпелер, металл және мата жапсырмалары, пайеткалар, шыны моншақтар, моншақтар, жарқырайтын элементтер, сурет, шағылыстыратын эффектер, эглеттер, бекіту элементтері, сыдырмалар және т. б. элементтер зақымдалуына және тауарлық түрінің жоғалуына жауап бермейтінін және  кепілдіксіз қабылданатынын ескертеді.

5.4. Орындаушы Тапсырыс берушіге қан, бояу, өсімдік майлары, дәрі-дәрмектер, парфюмерия, дезодоранттар, бояғыш қоспалары бар шараптар, үйде өздігімен тазалаудан кейін пайда болған майлы және ескірген дақтарды кетіруге қиын болатынын/кетіруге болмайтынын ескертеді. Мұндай дақтары бар бұйымдар толық жою міндеттемесінсіз қабылданады.

5.5. Орындаушы Тапсырыс берушіге жойылмайтын ақаулар мен кемшіліктерге мыналар кіретінін ескертеді: гель сиясының дақтары, түстердің тұздарымен күйдірмеленуі және майдың сіңіп кетуі (сарғыштық), жуудан кейінгі бояулар мен сырлаулар, қатты үйкеліс салдарынан төсем материалындағы сарғыштық пен сұр, матаның күйіп қалуы, мата құрылымының бұзылуымен талшықтарды сүрту, күйе көбелектен зақымдануы, қыртыстардың кетуі, жуудан кейін дұрыс кептірмеудің салдары, мамықтың, қауырсынның, түбіттің және синтепонның шөгуі (көлемнің азаюы), бұйымның ішіндегі мамық пен қауырсынның бояулары.

5.6. Бұйымның қатты тозуы мен ескіруі жағдайында Орындаушы өңдеу процесінде мүмкін болатын механикалық зақым үшін жауап бермейді. Бұйымда химиялық тазалауға тыйым салынған жасанды материалдар және алынбайтын фурнитура болған кезде Орындаушы бұйым тауар түрін бүлдірген және жоғалтқан жағдайда жауапты болмайды.

5.7. Тоқыма тобына жататын маталардың тарылуы/кішіреюі, оның ішінде төсек жапқыш матаның сапасына байланысты өлшемі 3-5% – на дейін релаксациялық кішіреюі мүмкін.

5.8. Жүннен жасалған бұйымды тапсырған кезде, бұйымның таңбалануының  мәліметі болмаған жағдайда, Орындаушы оны анықтауға жауапты болмайды.

5.9. Тоқыма тобына жататын бұйымдарды (перделер, перделер, тюльдер) тапсырған кезде Тапсырыс беруші бұйымдардың шөгуін, түсінің жоғалуын және тауарлық түрін нақтылау үшін орындаушыға мата үлгісін (1 метр) беруге міндетті. Осы үлгіні ұсынбаған жағдайда, Тапсырыс беруші мата түрінің  жоғалуы, кішіреюі, түсінің жоғалуы үшін толық жауапкершілікті өзіне алады

5.10. Егер курьер бұйымды Тапсырыс берушіге алдында келісілген мерзімде кез келген себеппен жеткізе алмаса, бұйымның сақталу мерзімі 10 (он) күн. Тапсырыс беруші бұйымды белгіленген мерзімде алуға келмеген жағдайда, Орындаушы бұйымды Тапсырыс берушіге берілуге тиіс күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң және осы Шартта көрсетілген кез келген тәсілмен бұйымды орындаушыдан алу қажеттігі туралы жазбаша ескертуден кейін Орындаушы бұйымды одан әрі сақтаудан бас тартуға құқылы және Тапсырыс беруші талап етпеген бұйымды қайырымдылық қорына беруге құқылы. Орындаушы бұйымды қайырымдылық қорына берген кезде, Тапсырыс беруші өзінің үнсіздігіне немесе әрекетсіздігіне байланысты Орындаушыға қандай да бір талаптар немесе наразылықтар, шағымдар қоюға құқылы емес.

5.11. Орындаушы жүнді сақтауға, атап айтқанда оны Тапсырыс беруші алған күннен бастап оның жай-күйіне жауапты болмайды.

5.12. Орындаушы тапсырысты ресімдеу, растау, төлеу барысы бойынша Тапсырыс берушіге кеңес беруге, оның ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен телефон нөмірлері бойынша Тапсырыс берушімен өз бетінше байланысуға құқылы.

5.13. Орындаушы қызмет көрсету жөніндегі Тапсырыс берушімен өз құқықтары мен міндеттерін қосымша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

 

  1. Қызметтердің бағасы, төлем тәртібі

6.1. Қызметтердің бағасы Прайста көрсетіледі және оны Орындаушы кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгерте алады. Жаңа баға Орындаушының сайтында жаңа Прайс жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және қабылдау пункттерінде жарияланған кезге дейінгі төленген қызметтерге қолданылмайды.

6.2. Қызметтердің түпкілікті бағасы бұйымның түріне, күрделігіне, жеделдігіне және Тапсырыс берушімен келісілген қосымша қызметтеріне байланысты Орындаушының қабылдау пункттеріндегі бұйымды қарау нәтижелері бойынша Қолдау көрсету қызметімен айқындалады.

6.3.  Төлем Қолма-қол ақшасыз түрде, теңгемен жүргізіледі.

6.4. Қызметтерге ақы төлеу алдын ала төлемнің 100% (жүз пайыз) тәртібімен жүргізіледі. Қызметтерге ақы төлеу күні (Тапсырыс берушінің ақшалай қаражатты аударуы) Орындаушының шотына ақшалай қаражаттың түскен күні болып есептеледі.

6.5. Тапсырыс берушіге ақшалай қаражатты толық қайтару Тапсырыс беруші Қызмет көрсету басталғанға дейін 12 сағат бұрын кешіктірілмей, бас тартқан жағдайда жүзеге асырылады (тоқыма тобына жататын маталарды қоспағанда (6.7-тармақ)).

6.6. Орындаушы тапсырысты орындауды бастағаннан кейін, Тапсырыс беруші қызметтен бас тартқан кезде Орындаушы нақты кеткен шығыстарды шегере отырып,  ақшалай қаражатты ішінара қайтаруды жүзеге асырады.

6.7. Тапсырыс беруші Орындаушының қызметінен бас тартқан жағдайда тазалау басталғанға дейін (тоқыма тобындағы маталар (перделер, қалың шымылдықтар, тюльдер), Орындаушы төленген сомадан 10%, бірақ кемінде 5000 теңге ұстап қалуға құқылы.

6.8. Тапсырыс берушінің өзі қол қойған ақша қаражатын қайтару туралы барлық өтініштері сканерленген жазбаша құжат түрінде қабылданады және Осы Шартта көрсетілген кез келген тәсілмен жөнелтеді.  Өтініште: Тапсырыс берушінің деректері (ТАӘ), мекенжайы, бас тарту себептері, төлем сомасы және төлем тапсырмасының көшірмесі, қайтаруға арналған мәліметтер қамтылуы тиіс. Орындаушы Тапсырыс берушінің қолының түпнұсқалығын және дұрыстығын тексермейді және егер ақша қаражатын қайтару туралы өтінішке Тапсырыс беруші қол қоймаған жағдайда, Орындаушы жауапты болмайды.

6.9. Ақша қаражатын қайтару Тапсырыс берушінің тиісті өтінішін алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

  1. Электрондық құжат айналымы туралы келісім

7.1. Электрондық хат алмасу (сайтты/ электрондық поштаны, телефонды немесе WhatsApp мессенджерін пайдалана отырып) Шартты орындау кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін Тараптар арасында ақпарат алмасудың негізгі тәсілі болып табылады.

7.2. Телефон нөміріне, сайтқа немесе WhatsApp мессенджері арқылы кез келген кіріс және шығыс электрондық хабарламалар –  заңды мәні бар электрондық хат алмасу мәртебесіне ие.

7.3. Көрсетілген байланыс арналары бойынша хат алмасу  қарапайым электрондық қолтаңба күшіне ие және Тараптардың жеке қолдары бар Қағаз құжаттарға тең болады.

7.4. Ақпаратты алмағаны үшін жауапкершілік Тапсырыс берушіге жүктеледі.

 

  1. Дербес деректерді өңдеу

8.1. Тапсырыс беруші өзінің дербес деректерін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес осы Шарт негізінде қызмет көрсететін тұлғаның өңдеуіне келісімін бергенін растайды.

8.2. Тапсырыс беруші Осы шартты орындау шеңберінде  Орындаушыға дербес деректермен барлық әрекеттерді (операцияларды) және мыналарды қоса алғанда: жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, жаңартуды, Өзгертуді, пайдалануды, иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды жүзеге асыру құқығын береді

  1. Тараптардың жауапкершілігі

9.1. Тараптар өз міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шарттың талаптарында көрсетілген жауаптылықта болады.

9.2. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер олар күтпеген, еңсерілмейтін жағдайларда, атап айтқанда жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, өзге де дүлей зілзалалар, эпидемиялар, авариялар, жарылыстар, әскери іс-қимылдар, заңнаманың өзгерістері, тараптардың шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмауына әкеп соққан уәкілетті тұлғалардың жарлықтары салдарынан жауаптылықтан босатылады. Келісімге.

9.3. Тараптар Шартқа сәйкес барлық міндеттемелерді орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және міндеттемелерді орындауды келісілген мерзімге ауыстыру мүмкіндігін пайдаланады.

9.4. Тапсырыс берушінің кінәсінен бұйымды уақтылы алмаған жағдайда Орындаушы бұйымның келісілген бағасының 1% мөлшерлемесінде әр өткен күнге өсімпұл салуға құқылы.

 

  1. Дауларды шешу тәртібі

10.1. Осы Шарт бойынша немесе осы Шартқа байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық дауларды немесе келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер жолымен реттеуге ұмтылатын болады.

10.2. Дауды сотқа дейінгі реттеу келіссөздер немесе талап қою арқылы жүзеге асырылады және міндетті болып табылады.

Шағымдар қосымша растайтын құжаттармен қоса, жазбаша нысанда және Тараптың орналасқан жері бойынша Тараптың атына жолданады немесе электрондық құжат айналымының көмегімен ресімделеді. Шағымды қарау мерзімі – шағымды алынған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн.

Шағымды алудан бас тарту немесе Жауап бермеу жолымен шағымды елемеу  Тарап жақтан дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуден бас тарту ретінде бағаланады.

10.3. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда барлық даулар Орындаушының тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.

 

  1. Басқа талаптар

11.1. Тапсырыс беруші осы шарттардың оқылғанына, оған түсінікті болуына кепілдік береді және оларды сөзсіз және толық көлемде қабылдайды.

11.2. Тараптар Шарттарында реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

11.3. Шартпен реттелетін бөлігінде даулар туындаған кезде Орындаушы Сайтта орналастырған және/немесе тапсырысты ресімдеу сәтінде WhatsApp мессенджері арқылы жіберілген Шарт жалғыз дұрыс деп танылады.

11.4. Шарттың талаптарын қабылдай отырып, Тапсырыс беруші Орындаушы өткізетін барлық іс-шаралар, оларды өткізу шарттары, қаржылық шарттар және өзге де мәлімет туралы ақпараттарды  өзінің электрондық поштасынан немесе телефонның СМС-і немесе WhatsApp мессенджері арқылы алуға өзінің келісімін білдіреді. Ақпаратты алмағаны үшін жауапкершілік Тапсырыс берушіге жүктеледі.

11.5. Соттың Шарттың қандай да бір ережесін жарамсыз немесе мәжбүрлі орындауға жатпайтын деп тануы шарттың өзге ережелерінің жарамсыздығына немесе орындалмайтындығына әкеп соқпайды.

 

  1. Тараптардың деректемелері

ЖШС «EVROLUX DRYCLEANING»

БСН 211140005159

Астана қаласы, Бөгенбай даңғылы,16 үй

Банк деректемелері:

«Kaspi Bank» АҚ   ББК CASPKZKA КБе 17

ЖБК KZ68722S000011715151KZT

 

 

 

 

 

 

 

 

Салон МЕКЕНЖАЙЛАР График
ул. Сыганак, 17B (ТЦ “Green Mall”) ул. Сыганак, 17B (ТЦ “Green Mall”) Сығанақ к., 17B («Green Mall» СО) 10:00-21:00
Мәңгілік ел даңғ., 52 («Promenade EXPO» ТК) Мәңгілік ел даңғ., 52 («Promenade EXPO» ТК) Мәңгілік ел даңғ., 52 («Promenade EXPO» ТК) 8:00-21:00
Сарайшық к., 7 («Лазурный» ТК) Сарайшық к., 7 («Лазурный» ТК) Сарайшық к., 7 («Лазурный» ТК) 8:00-21:00
Амман к., 2 («Милан» ТК) Амман к., 2 («Милан» ТК) Амман к., 2 («Милан» ТК), ВП-6, (Шарль де Голля көш. қиылысы) 8:00-21:00
Бауыржан Момышұлы даңғ., 10,  «Рахмет» СҮ Бауыржан Момышұлы даңғ., 10, «Рахмет» СҮ Бауыржан Момышұлы даңғ., 10, «Рахмет» СҮ 10:00-21:00
ул. Сыганак, 33 (ЖК “Визит”) ул. Сыганак, 33 (ЖК “Визит”) улица Сыганак, 33 Нур-Султан, 010000, Казахстан 8:00-22:00
Бөгенбай батыр даңғ., 16 Бөгенбай батыр даңғ., 16 Бөгенбай батыр даңғ., 16 8:00-20:00

Қайта қоңырау соғайық па?

    Қайта қоңырау соғайық па?

      Тапсырыс бергеніңіз үшін рақмет!

      Сізбен жуырдағы жұмыс уақытында хабарласамыз (сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейміз)